Қазақстанда туды өртеген 12 адам қамауға алынды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1146

Қазақстанда туды өртеген 12 адам қамауға алынды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

13 қарашада Алматы облысы Ұйғыр ауданында шет мемлекеттің туын және шет мемлекет басшылығының бейнесін өртеп, өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасағандар анықталған.

"Материалдарды сотта қарау қорытындысы бойынша, 12 адам ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 15 тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алынды", - деп жазылған хабарламада.

Сонымен қатар, тағы 6 қатысушыға 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынған.

"Бұл дерекке қатысты араздықты қоздыру бойынша қылмыстық іс тіркелді. Тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда Жангелдин ауылында жоғалып кеткен отбасының тағы екі мүшесінің мәйіті табылды, деп хабарлай...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Қарақат Әбілдина желідегі парақшасында қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды MadeniPortal....