Ішімдік ішкен 23 адам тіл тартпай кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2843

Түркияда ішімдіктен уланғандар саны күн санап артып келеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Соңғы екі күнде Ыстамбұлда жалған алкогольден уланып, көз жұмғандар саны 23-ке жетті.

Бұл туралы Түрік мегаполисі губернаторының баспасөз қызметі хабарлады.

«Соңғы 48 сағат ішінде 66 жалған алкогольден улану оқиғасы тіркелді. 23 адам қайтыс болды. 32 алкоголь тұтынған адам реанимация палаталарында жатыр», - деп хабарлайды жергілікті басылымдар.

Бұған дейін уланып көз жұмғандар саны 19 еді.