Шымкентте экскаватор бір адамды басып кетті

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
100

Шымкентте ер адамды экскаватордың басып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Әлеуметтік желіде тараған ақпаратқа сәйкес, 54 жастағы ер адам Бәйдібек би мен Төлеметов көшелерінің қиылысындағы жол құрылысында жұмыс істеген. Ол ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілген. Алайда дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.

Шымкент қалалық полиция департаменті абайсызда адам өліміне әкеп соққан еңбекті қорғау қағидаларын бұзу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

"Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық әрі объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады полиция.

Тергеу нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысының құтқару қызметі жаңа экологиялық таза көлікпен толықты. Электрокарлар мамандардың қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Түрмеге жеткізілген тортты тексеру кезінде ішінен телефон табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....