Қазақстандық кәсіпкер «Қайраттың» жас қақпашысына көлік сыйлады (ВИДЕО)

коллаж: madeniportal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
4070

Танымал кәсіпкер, "Shoqan" ерлер киімі брендінің негізін қалаушы Ұлықбек Шарипов Шерхан Қалмұрзаға автокөлік сыйлады, деп хабарлады  MADENIPORTAL.KZ.

Кәсіпкер тосыннан "Қайраттың" 18 жасар қақпашысын шақырып, сыйлығын ұсынды. Жас футболшы болса эмоциясын жасыра алмады.

"Бүкіл ел сенімен бірге", - деп жазды әлеуметтік желідегі жазбасында кәсіпкер.

Желі қолданушылары ыстық лебіздерін білдіріп, жарыса құттықтады.

Айта кетейік, Шерхан Қалмұрза "Қайрат" футбол клубының жас қақпашысы. Күні кеше "Қайрат" пен "Реалдың" ойынында ерекше көзге түсіп, қарсыластардың бірнеше мәрте соққысына төтеп берген жас футболшы.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бұрын полиция қызметкері болған ер адамның қазасына қатысты іс қоғамда қызу талқыланып жаты...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...