Қазақстандық актриса испандық актерлермен “Netflix-тің” жаңа жобасында

Фото: инстаграм парақшасынан

ЖАҢАЛЫҚТАР
1778

Танымал актриса Дина Тасбулатова “Бумажный дом” және “Элита” киноларының актерлерімен "Netflix-тің" жаңа жобасында бас қосты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Дина Тасбулатова осыдан 10 күн бұрын инстаграмдағы парақшасында Испанияда “Netflix-тің” жобасының түсірілімдері басталғанын хабарлап, қуанышымен бөліскен еді. Онда актриса танымал “Бумажный дом” сериалының актері Мигель Эрранмен бірге түскен фотосын жариялаған еді.

Дина Тасбулатова кеше ерекше видеосын бөлісті. Актриса Испаниядағы түсірілімнің бір күнін көрсетіп, Мигель Эрран мен Арон Пипердің актрисамен бір алаңда жұмыс істеп жатқанын көрсеткен. 

IMG_7481.jpeg

Аидеоға пікір қалдырушвлардың басым көпшілігі актрисаға көбірек осындай видео салуын, түсірілім сәттерімен бөлісуін жазып, сәттілік тілеген.

Біз де отандық актрисамызға сәттілік тілеп, шетелдік кино әлемін бағындыра беруіне тілектеспіз! 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі өнер иесі Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында елмен сүйінші жаңалығын бөлісіп, қуан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...