Испандық журналистер мен блогерлер «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының алдында «Шымбұлаққа» барды

Фото: MadeniPortal

ЖАҢАЛЫҚТАР
1146

Испандық журналистер мен блогерлер «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчының алдында «Шымбұлаққа» барды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Алматыға миллиондаған аудиториясы бар 15 испандық журналист пен блогер келді. Олар УЕФА Чемпиондар лигасындағы «Қайрат» пен «Реал Мадрид» арасындағы алдағы матчты жария ету үшін ат басын бұрды. Бұл туралы қалалық туризм басқармасы хабарлады. 


Сапар аясында шетелдік қонақтар Алматының туристік және мәдени әлеуетімен танысу үшін «Шымбұлақ» тау-шаңғы курортына барды. 

Журналистер мен блогерлер испан тілін еркін меңгерген алматылық блогер әрі полиглот Мәди Фазылға жолбасшы болуды өтінді. Оның көмегімен қонақтар Алматының атмосферасын жақынырақ сезініп, қаланың ерекше колоритін ашты. 

Мұндай сапарлар Алматыны халықаралық деңгейде ілгерілетуге, қаланың туризм, спорт және мәдениет орталығы ретіндегі мәртебесін нығайтуға ықпал етеді. 

Без категории

Алматы Мемлекеттік Академиялық қуыршақ театрында көптен бері тоқтап қалған «Ромео мен Джульетт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбе облысында ұшқышсыз ұшу аппаратына тиесілі болуы мүмкін сынықтар табылды, деп хабарлады Madeni...