Пресс карта алғысы келмеген журналистер қалыпты жұмысын жалғастыра береді.Бұл туралы Ақпарат және қо...
ӘЧ: Назым Қызайбай вьетнамдықпен жекпе-жекке шықты
Қыздар арасында Нью-Делиде әлем чемпионаты өтіп жатыр.
Кеше боксшы қыз Назым Қызайбай 2023 жылғы әлем чемпионатында алғашқы кездесуін өткізді.
50 келіде өнер көрсететін Назым жарысты 1/16 финалдан бастады. Оның қарсыласы вьетнамдық Тхи Там Нгуен. Алғашқы жекпе-жегінде Назым Қызайбай жеңіліп қалды.
Осылайша, әлемнің екі дүркін чемпионы (2014, 2016) және Азия чемпионатының жеңімпазы Назым жеңіліске ұшырады.
Айта кетейік, турнир 15 және 26 наурыз аралығында өтеді. Жарысты Qazsport арнасы тікелей көрсетеді.
48 келі: Алуа Балқыбекова – Кей Ван Чи Вай (Сингапур);
50 келі: Назым Қызайбай – Тхи Там Нгуен (Вьетнам);
52 келі: Жазира Орақбаева – Чань Ча-Cунь (Қытай Тайпейі);
54 келі: Жайна Шекербекова – Э Чжи Им (Оңтүстік Корея)/Мария дель Кармен Мадуэно (Испания);
57 келі: Карина Ибрагимова – Намуун Монхор (Моңғолия)/Валерия Арболеда (Колумбия);
60 келі: Римма Волосенко – Ситора Турдибекова (Өзбекстан);
63 келі: Аида Әбікеева – Ургуйя Ус (Түркия)/Ян Чэнгю (Қытай);
66 келі: Надежда Рябец – Сён Суджин (Оңтүстік Корея);
70 келі: Мадина Нұршаева – Хон Гён Чой (Оңтүстік Корея);
75 келі: Валентина Хальзова – Мариэлис Ириса (Венесуэла);
81 келі: Фариза Шолтай – Лиэнн Будрэм (Тринидад және Тобаго);
+81 келі: Ләззат Күнгейбаева – Абиола Джекман (Гайана) Нупур (Үндістан).