Қазақстандық ару «Славян базары» байқауында топ жарып, гран-при иеленді

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1122

Қазақстандық ару «Славян базары» байқауында топ жарып, гран-при иеленді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

2025 жылдың 10–13 шілдесі аралығында Беларусь Республикасында «Витебскідегі Славян базары» XXXIV Халықаралық өнер фестивалі өтті. Қазақстан атынан байқауға Жетісу облыстық Дәнеш Рақышев атындағы филармониясының әншісі Алмагүл Батталиева қатысты. 

Финалда әнші «Вечность» композициясын орындап, көрерменді талантымен тәнті етті. Көпшіліктің көңілінен шығып, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды. Өнерпаз екі байқау күнінің қорытындысы бойынша 137 ұпай жинап, фестивальдің Гран-при жүлдесін жеңіп алды. 

Алмагүл Батталиева – Алматы қаласының тумасы, дарынды жас әнші. Ерте жастан вокалдық қабілеті анық байқалған. 14 жасында П. И. Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжіне оқуға түскен. Сонымен қатар Алмагүл бірнеше аспапты – аккордеон, фортепиано және укулелены еркін меңгерген. 

Алмагүл – тек шебер орындаушы ғана емес, сахнаға деген құрметі мен жауапкершілігі мол өнерпаз. Ол «Жас Қанат – 2023» фестивалі, «Алматым жүрегімде» халықаралық байқауы сынды беделді музыкалық жарыстарда жоғары деңгейде өнер көрсетіп, кәсіби шеберлігін бірнеше мәрте дәлелдеген. 

Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Алмагүл Батталиеваны «Славян базары» фестиваліндегі жарқын жеңісімен шын жүректен құттықтайды. Бұл жетістік – оның өнер жолындағы ізденісі мен дарынының айқын көрінісі. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жаңа жылдан бастап Қазақстанда тағы алты жол учаскесі ақылы болады. Олардың жалпы ұзындығы 1,8 мың ш...

PESTEL

АҚШ-тың Род-Айленд штатындағы Провиденс қаласында орналасқан Браун университетінде емтихан кезінде б...