Польшада екі адамды өлтірген қаскүнем орман ішінде ұстатпай жүр

Ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
1467

Польша оңтүстігіндегі Кіші Польша воеводствосында болған атыс салдарынан екі адам көз жұмды, деп хабарлады madeniportal.kz.

Атыс туралы хабар полицияға 27 маусым күні күндіз түскен. Оқиға кезінде 26 жастағы әйел мен 31 жастағы ер адам қаза тапты. Тағы екі адамның жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

Қаскүнем орманға қашып кеткен. Құқық қорғау органдары оның әлі де қарулы екенін болжап отыр. Полиция жергілікті тұрғындарды сақ болуға шақырып, әлеуметтік желілерде 57 жастағы ер адамды іздестіріп жатқанын хабарлады.

Бірқатар поляк БАҚ-тарының дерегінше, қаза тапқандар — қылмыскердің қызы мен күйеу баласы. Атыс отбасы ішіндегі жанжал кезінде аңшы мылтығымен жасалған. Сонымен қатар, БАҚ мәліметінше, күдіктінің енесі мен бір жасар немересі де жараланған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы бойынша өткен республикалық референдумға қатысып, Оқушылар...