Өскеменде прокурор қамауға алынды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1350

Әлеуметтік желілерде ШҚО-дан шыққан прокурор Вилори Панның көлік жүргізу барысында шам бағанасына соғылып, полицейлерден қашпақ болғаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Egovpress басылымының мәліметінше, сараптама оның қанынан алкоголь мен марихуананың барын анықтаған.

Бұл жарияланымға қатысты ШҚО прокуратурасы пікір білдіріп, аталған қызметкердің жұмыстан босатылғанын мәлімдеді.

«Құқық қорғау органын беделден түсіретін теріс қылық жасағаны үшін Өскемен қаласы прокуратурасының прокуроры Пан В. Б. Қазақстан Республикасының “Құқық қорғау қызметі туралы” заңына сәйкес прокуратура органдарынан шығарылып, 1-сыныпты заңгер сыныптық шенінен айырылды», – деп атап өтті ведомствоның баспасөз қызметі.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...