Полицияға бір жылда 4 мың рет жалған қоңырау шалған адам ұсталды

Фото: almaty.tv

ЖАҢАЛЫҚТАР
516

Жапонияның Абиго қаласының тұрғыны Юки Симидзу бір жыл ішінде полицияға мыңдаған рет жалған қоңырау шалған, деп хабарлайды madeniportal.kz Japan Today басылымына сілтеме жасап.

«46 жастағы ер адам бір жыл ішінде жедел қызметке 4250 рет қоңырау шалып, төменгі қабаттағы көршілері шу шығарып, қоғамдық тәртіпті бұзады деп мәлімдеген. Алайда әр жолы оқиға орнына жеткен полиция қызметкерлері ешқандай құқық бұзушылық анықтамаған», — делінген хабарламада.

Симидзудің соңғы әрекеті 14 ақпанда тіркелген. Ол бір ғана кеште, бес сағат ішінде (17:00-ден 21:00-ге дейін) полицияға 14 рет қоңырау шалып, көршілерінен шағымданған. Бұл жолы полицейлер шағымданған пәтерде кезекшілік атқарып, ешқандай шу болмағанын өз көздерімен көрген.

Ер адам құқық қорғау органдарының жұмысын бұзуға тырысқаны үшін қамауға алынды. Полиция оның мұндай әрекетке не үшін барғанын анықтап жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Павлодар облысында жантүршігерлік жол апаты болды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Полиция дерегінш...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Микроқаржы ұйымдарынан 327 мыңнан астам алматылық зардап шеккен, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ. Қа...