Блогер Эльмира Төлегеноваға қатысты сот отырысының алдында адвокат Олег Чернов оған қандай айып тағы...
Қазақстандық құтқарушылар қатарына ММА спортшысы Артем Резников қосылды
Фото: ТЖМ
2753
ТЖМ құтқарушыларының қатарына белгілі қазақстандық спортшы Артем Резников қосылды, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Артем Резников – ММА аралас жекпе-жегінің қазақстандық танымал спортшысы, АСА (Absolute Championship Akhmat) қамқорлығымен жеңіл санаттағы дивизионның белсендісі, жеңіл салмақтағы АСА гран-при атағының иегері.
Енді ол Төтенше жағдайлар министрлігі басшылығының ұйғарымымен дәстүрлі түрде жеке құрамның дене шынықтыру дайындығына ерекше назар аудармақ. Спортшы әдістемелік және практикалық көмек көрсету, Алматы қаласы ТЖД гарнизонында спорт идеологиясын насихаттау, халықаралық спорт аренасында құтқарушылардың имиджін арттыру жұмыстарымен айналыспақ.