Белгілі әнші Мөлдір Әуелбекова Алматыға алғаш рет қалай келгенін айтты, деп хабарлады madeniportal.k...
«Қоңырау шалғанда шошып кеттім»: Азамат Сатыбалдының жұбайы күйеуінің мінезін әңгімеледі
ашық дереккөз
Танымал актер Азамат Сатыбалдының жұбайы, актриса әрі режиссер Назгүл Қарабалина отбасындағы қызықты оқиғалардың бірін баяндап берді. Өнер иесі күйеуінің көлік тұрағындағы шлагбаумды аша алмай, өзіне ашуланып қоңырау шалғанын күле отырып еске алды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Актрисаның айтуынша, Азамат Сатыбалды күнделікті өмірде жұбайын есімімен сирек атайды. Сондықтан күйеуі телефон арқылы «Назгүл» деп сөйлегенде, бір жағдай болғанын бірден сезген.
«Ол қалада шаруаларымен жүр. Мен офисте жұмыстамын. Ол маған «Назгүл» деп айтпайды. «Назгүл» десе, бірдеңе болып қалғаны. Қоңырау шалып, «Назгүл» дегенде шошып кеттім. «Мен мына Есентай ситидемін. Мына шлагбаум неге ашылмайды?» — деп айғайға басты. Сосын мен: «Азем, Есентай сити болса, ол жерде Kaspi-дің емес, Халық банкінің терминалы тұр. Соған QR-мен төлейсің», — деп түсіндірдім. «Мен жүрейін сол, QR-ді тақап… Аш мынаны бірдеңе етіп», — деп ашу шақырды», — деді Назгүл Қарабалина.
Актрисаның сөзінше, бұған дейін көбіне жеке жүргізушімен жүрген Азамат Сатыбалды сол күні көлік тізгініне өзі отырған. Ақырында көлік тұрағының ақысын да жұбайы қашықтан төлеп берген.
«Мен Халық банк қосымшасы арқылы төлеп, ашып бердім. Шлагбаумның ашылғанын сұрағанымда: «Иә, ашылды. Рахмет» деп өктем үнмен қысқа қайырды. Шлагбаумның ашылмағанына маған жүйкесі жұқарып отыр. Қасымдағылар түсінбей: «Не болып жатыр?» деп сұрайды. «Солай енді, не істеймін» дедім», — деп күлді өнер иесі.
Назгүл Қарабалина осылайша көпшілікке танымал актердің күнделікті өмірдегі мінезін әзілмен жеткізіп, ерлі-зайыптылар арасында болған қызықты жағдаймен бөлісті.