Әлеуметтік желіде Қызылордадағы жекеменшік медициналық ұйымға қатысты тосын жағдай айтылды. Threads...
Алматыда 5 адам көз жұмған өртке әйелдің қызғанышы себеп болған ба?
Фото: ЖИ
Алматыдағы бес адам қаза тапқан өртке қатысты жаңа мәліметтер жарияланды. Қаза тапқандар арасында 64 жастағы әйел, оның 41 жастағы қызы және 2017 жылы туған қыз бала бар. Сондай-ақ Өзбекстанның екі азаматы көз жұмған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Өрт шыққан бөлмеден бензин іздері табылған. Бұл арнайы құрылғының көмегімен анықталды.
Бейнебақылау камераларына қара күртеше мен сұр бас киім киген әйелдің өрттен бірнеше минут бұрын ғимаратқа кіргені түсіп қалған. Ол үйде көп бөгелмей, қайта шығып кеткен. Көп ұзамай ғимараттан түтін байқалған.
Әйелдің жеке басы анықталды. Қазір тергеушілер оның осы үйде тұрған ер адамдардың бірімен бұрын қарым-қатынаста болғанын тексеріп жатыр. Өртке қызғаныш немесе кек себеп болуы мүмкін деген болжам да қарастырылмақ.