Қазақстандық студент ресейлік әншілердің хитіне кавер жасап, қос платина дискісін алды

ЖАҢАЛЫҚТАР
2703

Қарағандылық студент Slava Marlow & Morgenshtern-нің «Быстро» хитіне кавер жазғаны үшін қос платина дискісіне ие болды, деп хабарлайды "Мәдениет порталы".

Тәттімбет атындағы Қарағанды өнер колледжінің 4-курс студенті Арыстан Әбілдин өткен жылдың қорытындысы бойынша шығармашылық табыстары және Slava Marlow & Morgenshtern-нің «Быстро» хитіне кавер рекордтық көрсеткішпен, дәлірек айтсақ 45 млн рет тыңдалғаны үшін қос платина дискісін алды. 

«Быстро» әні 45 миллион тыңдауды жинап, қос платина дискісін алды. Кезінде мен әншілер осындай марапаттар алып жатқанын көріп, ондай сыйлыққа ие болуды тек армандаушы едім. Күндердің бір күнінде өз жұмысым үшін платина аламын деп елестете алмадым. Мені қолдағандарыңыз үшін баршаңызға алғыс айтамын», – деп жазды Арыстан өзінің Instagram парақшасында. 

Платина дискісі – сатылған көшірмелер санына байланысты берілетін музыкалық альбом мәртебесі.

madeniportal.kz

Шоу-бизнес

Танымал әнші Мәдина Сәдуақосва жаңа әннің тұсауын кесті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ. Әнші әлеуме...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 75 жастағы «альпинист әже» күн сайын тауға шығады, деп хабарлады MADENIPORTAL.K...