Өзін “қалыңдықпын” деп таныстырған: Күйеуінің туыстарына 5 млн теңге несие рәсімдеймін деп 5 жылға сотталды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1041

Арқалықта өзін қалыңдық ретінде таныстырған әйел ер адам мен оның туыстарының атынан несие рәсімдегені үшін 5 жылға сотталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Azattyq Rýhy-на сілтеме жасап. 

Қостанай облыстық сотында алаяқтық үшін 5 жылға бас бостандығынан айырылған сотталушының апелляциялық шағымы қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, әйел әлеуметтік желі арқылы ер адаммен танысып, басқа есіммен өзін таныстырған. Кейін Арқалыққа қалыңдық ретінде көшіп барған. 2024 жылғы желтоқсаннан 2025 жылғы ақпанға дейін ол ер адам мен оның туыстарының сенімін пайдаланып, олардың атына микрокредиттік ұйымдардан несие рәсімдеген. Алынған қаражатты жеке қажеттіліктеріне жұмсаған. Келтірілген шығын шамамен 5 млн теңгені құрады.

«Жаза ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлігі бойынша белгіленген санкция шегінде, іс мән-жайы мен сотталушының жеке басы, сондай-ақ келтірілген залалды өтеу шараларының қабылданбағаны ескеріліп тағайындалды», – делінген соттың түсіндірмесінде.

Жәбірленушілердің залалды өтеу жөніндегі азаматтық талаптары қанағаттандырылды. Апелляциялық алқа үкімді өзгеріссіз қалдырды, ол заңды күшіне енді. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Иран мұнай инфрақұрылымын жоямыз деп АҚШ-қа ескерту жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Ир...

ПОЭЗИЯ

АҢЫРАҚ   Сонда менің жан күйімді қандай аспап шерте алады, Көрген кезде інім менен қыр...