Қазақстандық тауық етінен өлімге әкелетін қауіпті бактерия табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2266

Қазақстаннан Ресейге жеткізілетін тауық етінен өлімге әкелетін листерия табылды, деп хабарлайды Madeniportal.kz.

Бұл ақпаратқа ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті пікір білдірді.

Ведомство мәліметінше, 29 қаңтарда Россельхознадзор «Макинская птицефабрика» ЖШС өнімдеріне қатысты күшейтілген зертханалық бақылау енгізілгенін хабарлады.

Мұндай бақылау кезінде тауарлар ЕАЭО аумағында тасымалдана алады, бірақ әрбір партия міндетті тексеруден өтеді.

«Комитет әлі Россельхознадзордан зертханалық зерттеулердің растайтын нәтижелерін алған жоқ. ЕАЭО №94 ережесіне сәйкес, уәкілетті органдар анықталған заңбұзушылықтар туралы барлық мүдделі тараптарды 10 жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті. Осы жағдайдың себептерін анықтау үшін Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы кәсіпорында тексеру жүргізіп, өнім үлгілерін зертханалық талдауға жіберді», - деп хабарлайды министрлік.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...