Қарағандыда жұмысшылар кәріз құбырында қаза тапты

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
812

Қарағанды қаласын сумен қамтамасыз етіп, кәріз қалдықтарын шығару қызметін көрсететін «Қарағанды Су» ЖШС-нің екі қызметкері апатты жою үшін үлкен диаметрлі кәріз құбырына түскен кезде қаза тапты, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

«Патриот» басылымының дереккөздері екі ер адамның кәріз қалдықтарынан шыққан улы газдан тұншығып өлгенін мәлімдеді. Олардың мәйіттерін әріптестері арнайы газтұмылдырық киіп алып шыққан.

Оқиға Майқұдықтағы көпір маңында, аудандық әкімдікке жақын жерде болған. Жұмысшылар неге қорғаныс киімінсіз кәріз құбырына түсті? Бұл сұраққа енді полиция басқармасының тергеушілері жауап іздейді.

Компания өкілдері жұмысшылардың өліміне қатысты нақты мәлімет бермеді, себебі тергеу құпиясына және тексеріс жүргізіліп жатқанына сілтеме жасады.

«Екі қызметкеріміздің қаза тапқанын растаймыз. Олар қызметтік міндетін орындау барысында көз жұмды. Қазір арнайы комиссия жұмыс істеуде. Еңбек департаменті тарапынан тексеріс жүргізілуде», – деп хабарлады «Қарағанды Су» ЖШС баспасөз қызметі.