“Баланың бойындағы дарынды көре білу қажет“. Димаш Құдайбергеннің анасы дарынды бала тәрбиелеудің сырын айтты

Фото: инстаграм парақшасынан

Жаңалықтар
416

Орталық Азия әйелдерінің форумы барысында әлемге әйгілі әнші Димаш Құдайбергеннің анасы Светлана Айтбаева бала тәрбиесіне қатысты ақыл-кеңесін айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz kaz.inform.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Әншінің анасы дарынды бала тәрбиелеудің құпиясымен бөлісті.

«Өнерлі баланы тәрбиелеу қиын және онай. Өнер адамының арманы, мақсаты басқа болады. Ең алдымен баланы түсіну керек. Сондай-ақ оның бойындағы дарынды көре білу қажет. Ата-аналарға айтарым, балаңыздың өнерге деген құлшынысы болса, әнді сүйсе, күйді тыңдай білсе, музыканы жақсы көрсе, онда баланың жағдайын жасаңыз. Барынша түрлі үйірмелерге қатыстыру керек», - деді «Құрмет» орденінің иегері.

Светлана Айтбаева бала арманына сену керек екенін тілге тиек етті.

«Димаш кішкентай кезінде теледидардың алдында тұрып, Джеки Чанмен кездескім келеді, оны өмірде көргім келеді деп армандайтын. Актердің қимыл- қозғалысын қайталайтын. Димаш өз арманына сенді, бізде сендік. Бірнеше жылдан кейін Димаш аңыз адаммен кездесті»,- деді ол.

Сондай-ақ ол бала тәрбиесінде ата мен әженің рөлі зор екенін жеткізді.

«Үлкен кісілердің тәрбиесінен қол үзбеу керек. Міне, сол кезде ғана елжанды, ұлтжанды, ел үшін, мемлекет үшін қызмет ететін, жаны да, рухы да қазақылыққа толы, сондай бір жақсы азамат шығады», - дейді ол. 

 

Жаңалықтар

«Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Әсел Жанасова журналистердің сұрағына жауап берді, деп х...

Қоғам

Алматыда баннер орнатып жатқан өнеркәсіптік альпинист 12-қабаттан құлап, қайтыс болды, деп хабарлады...