Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің және Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына&...
Астанада ер адам көлік жүргізушісін тепкілеп тастады (ВИДЕО)
коллаж: madeniportal.kz
Астана көшелерінің бірінде жүргізушілер арасында жанжал туындады, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
16 қыркүйекте Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі сотында К.-ға қатысты ұсақ бұзақылық фактісі бойынша (ҚР ӘҚБтК 434-бабы 1-бөлігі) іс қаралды.
Сот К.-ның жолдың жүргінші бөлігінде тұрып, Е. есімді автокөлік жүргізушісіне қатысты заңға қайшы әрекеттер жасағанын анықтады – ол көлікті теуіп, аяқпен ұрған.
Сот барысында К. хаттамада көрсетілген жайттарды растады, кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкініш білдірді. Ол оқиға эмоциялық жағдайда болғанын түсіндіріп, бастапқыда жәбірленушінің көлігі оған апатты жағдай тудырғанын айтты. Осыған байланысты ол жәбірленушінің көлігін қуып жетіп, есігін ашып, бірнеше рет аяқпен ұрған.
Е. де хаттамада көрсетілген жағдайларды растады. Ол бастапқыда расымен апатты жағдай туындағанын, бірақ оған мән бермей, жолын жалғастырғанын айтты. Артынша К. басқарған көлік оны тоқтатып, есігін ашып, бірнеше рет теуіп жіберген. Алайда Е. дене жарақаты алмағанын және ешқандай шағымы жоғын мәлімдеді.
Сот К.-ның әрекеттерін қоғамдық тәртіп нормаларын ашық елемеу және айналадағыларға деген дөрекі құрметсіздік ретінде бағалады. Бұл қоғамдық тәртіп ережелерін әдейі және жүйелі түрде бұзу болып табылатындықтан, сот бұл әрекеттерді қасақана жасалған деп таныды.
К.-ға 15 тәулік әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындалды.
Қаулы заңды күшіне енген жоқ.