Қазақстандықтар Тиматидің Астанада болатын концертіне қарсы шықты

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
757

Threads-те қазақстандықтар арасында Астанада 28 қарашаға жоспарланған ресейлік рэпер Тиматидің концерті төңірегінде пікірталас басталды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ "NewTimes.kz" сайтына сілтеп.

Пайдаланушы Ерлан Амангелдинов афишаның суретіне шүйлікті. Оның жазбасы 128 мыңнан астам қаралым жинап, көптеген пікірлер тудырды.

Амангелдинов өзінің ұстанымын Тиматидің Ресейдің Украинаға толық басып кіруі басталғаннан бері агрессияны ашық қолдайтындығымен түсіндірді. Растау үшін пайдаланушылар музыканттың 2022 жылдың 18 наурызында Қырымды аннексиялаудың мерейтойына арналған "Лужники" митинг-концертіне қатысқанын еске алды.

Қазақстандықтардың пікірі екіге бөлінді.

Кейбір қазақстандықтар Астанадағы әкімдікке және әкім Жеңіс Қасымбекке рэпер Тиматидің концертін тоқтатуды және бұдан былай мұндай саяси ұстаныммен орындаушылардың концерттерін ұйымдастырмауды сұрап тікелей жүгінді.

Концертке қарсылық танытпағандар қазақстандықтарды өздерінің ішкі мәселелерімен айналысуға шақырды.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

22 қаңтарда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Давосқа жұмыс сапарымен барады, деп хабарлады Maden...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы Қызылқоға ауданына қарасты Жангелдин ауылында 2025 жылғы 25 желтоқсанда тіркелген бір...