Қазақстан әуежайларындағы шекаралық бақылау жеңілдетілуі мүмкін

Фото: np.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2683

Қазақстанда әуежайларда шекаралық бақылаудан өту процедурасын ыңғайлы әрі жеңілдетуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап. 

Көлік министрлігі тиісті бұйрық жобасын жариялады.

Құжат жобасына сәйкес жолаушылардың бұл рәсімнен өтуінің қарапайымдылығы мен жылдамдығы қамтамасыз етілуі керек:

  • жолаушылардың ұшу/келу рәсімдерінен өту уақытын реттейтін, шекара қызметімен келісілген әуежай стандарты болуы:
  • бақылаудан өткенге дейін жолаушылар үшін рәсімдерден өту талаптары туралы қолжетімді ақпарат болуы;
  • шекара қызметімен келісілген, паспорттық бақылау кезінде жолаушыларға қызмет көрсету жылдамдығы болуын және орындалуын бақылау;
  • жолаушылар саны жылына 1 миллионнан асатын әуежайларда паспорттық бақылаудың автоматтандырылған жүйесі болуы.

Сондай-ақ құжатқа сәйкес шекаралық бақылау қызметі қызметкерлерінің сыпайылығы мен ашықтығы қамтамасыз етілуі керек.

Жоба "Ашық НҚА" порталында жарияланған, 31 қаңтарға дейін жария талқылауда қолжетімді болады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

АҚШ-тың Мичиган штатында бір отбасының сегіз мүшесі қаза тапқан қайғылы оқиға болды. Полицияның мәлі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанның басым бөлігінде 17 қыркүйекте таңертең тұман түсіп, солтүстік пен батыс өңірлерде жаңбы...