Алматыда Санжар Боқаев ұсталды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
621

Алматы қаласында қылмыстық істерге қатысы бар Санжар Боқаев ұсталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы Бас прокуратураның баспасөз қызметі жазды. Ол ҚР ҚПК-нің 128–131-баптарының тәртібімен қаралатын болады.

"Бокаев С. жалған ақпарат тарату және қоғамда теріс пікір қалыптастыру мақсатында әлеуметтік желілерде жекелеген тұлғалардың қоғамдық саябақ аумағында ағаштарды заңсыз кесуі және құрылыс нысандарынан мүлік ұрлауы туралы бейнематериалдарды орналастырды деген күдікке ілінді", - делінген Бас прокуратура жазбасында.

Тергеу деректеріне сәйкес, Бокаев С. аталған қылмыстарды ұйымдастырып, қаржыландырған. Ол үшін табысы төмен адамдарды тартып, оларға ақшалай сыйақы беру арқылы ағаш кесу мен ұрлық жасауға тапсырма берген.

Сондай-ақ, ол аса ірі мөлшерде қаржы қаражатын алаяқтық жолмен жымқырды деген күдікке ілінуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан мен Дубай арасындағы тұрақты әуе қатынасы 15 шілдеден бастап қайта қалпына келтіріледі.Ала...

ЖАҢАЛЫҚТАР

13 шілде күні таңертең жергілікті тұрғын өз үйінің маңынан денесінде көптеген пышақ жарақаты бар жас...