“Жүкті еместігін сұраған”: Семейде нәрестені қоқыстан тапқан қыз әділетсіздікке ұшыраған

Фото: freepik.com

ЖАҢАЛЫҚТАР
2484

Семейде жаңа туған нәрестені жанып жатқан қоқыстан тапқан қыздан тергеушілер жүкті емес екенін растайтын анықтаманы талап еткен, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Ол әлеуметтік желідегі парақшасында жағдайды баяндады.

"Мен баланы тапқаннан кейін, маған гинекологтан жүкті болмағаным туралы анықтама сұрады. Мен жаңа туған нәрестені өртеп, өзім жедел жәрдем шақырмайтын шығармын?"- деді ол. 

Оның айтуынша, енді ол бұл баланы дүниеге әкелмегенін дәлелдеуге мәжбүр. Сондай-ақ қыз нағыз кінәлі адамды іздеуді тоқтатпағанын айтты.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Батыс қазақстандық 8 жасар бала жанып жатқан үйден екі бауырын аман алып шыққан, деп хабарлайды Made...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтөбеде әскери қызметкер есірткіге қатысты күдікпен қолға түсті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....