Қазақстандықтардың зейнетақы жинағына қатысты маңызды өзгеріс жоспарланып отыр

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
134

Қазақстанда 2030 жылға қарай зейнетақы активтерінің 20–30 пайызын отандық жеке басқарушы компаниялардың қарамағына беру жоспарланып отыр. Олар конкурстық негізде іріктеледі. Жаңа бастама зейнетақы жинақтарын басқаруға жеке компаниялардың қатысуын кеңейтуге бағытталған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің мәліметінше, бұл агенттік пен Ұлттық банктің бірлесіп әзірлеген 2030 жылға дейінгі капитал нарығын дамыту бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі. 

Жоспарға сәйкес, Ұлттық банктің басқаруындағы зейнетақы портфелінің бір бөлігі кезең-кезеңімен лицензиясы бар жеке басқарушы компанияларға беріледі. Алғашқы кезеңде мемлекеттік бағалы қағаздардан бастау көзделген.

Сонымен қатар активтерді басқару кезінде тәуекелдерді бақылауға, ішкі бақылау жүйесіне және ақпаратты ашық жариялауға қатысты бірыңғай талаптар енгізіледі. Зейнетақы активтері басқарушы компаниялардың өз қаражатынан бөлек сақталады. Оларды қорғауды тәуелсіз кастодиан - активтерді сақтау мен есепке алуға жауапты ұйым қамтамасыз етеді. 

Жеке басқарушы компаниялар конкурстық негізде таңдалады. Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтің 4 қыркүйекте айтқан мәліметінше, бұл тетікті іс жүзінде іске қосу үшін заңнамаға өзгерістер енгізу қажет.

Оның айтуынша, жаңа тәсілді 2027 жылдың соңына қарай іске асыру мүмкіндігі қарастырылып отыр.

Компаниялардың жұмысы ай сайын бағаланады. Егер басқарушының жұмысы жақсы нәтиже көрсетіп, инвестициялық кірістілігі жоғары болса, портфель сол компанияда қалады. Ал көрсеткіштері төмен болған жағдайда активтер басқа басқарушыға берілуі мүмкін. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев COP17 аясындағы Биоалуантүрлілік бойынша көшбасшылар саммит...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Жамбыл облысы Меркі ауданында қаза тапқан 19 жастағы Мадинаның анасы қызының отбасылық өмірінде көрг...