Жылқышыға қатысты жағымды жаңалық тарады

Коллаж: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
106

100 жылқыны жымқырды деп сотқа тартылған Рахат Сәрсенов туралы жақсы жаңалық тарады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Тергеу изоляторынан босап шыққан жылқышының жағдайы нашарлап кеткен еді. Енді ол ем қабылдауға барыпты.

Бұл туралы Руслан Өтепбай әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.

Айта кетейік, 60 жастағы Рахат Сәрсенов — өмірінің 30 жылдан астам уақытын жылқы бағуға арнаған жылқышы. Ол ұзақ жылдар бойы мал шаруашылығында еңбек еткен.

Сәрсенов тергеу изоляторында 60 жасын қарсы алды. Кейін оған қатысты сот процесі аяқталып, жылқышы рақымшылыққа ілігіп, сот залынан босап шыққан.

Рахат Сәрсенов «Тайбұрыл» қожалығында жылқышы болып еңбек еткен. Қожалықтың иесі — Тәжіғали Елеуов. Ашық деректе Сәрсеновтің осы шаруашылықта 1994 жылдан бері жұмыс істегені айтылады.

Рахат Сәрсеновтің оқиғасы қоғам назарын аударып, оның ұзақ жылдар бойы жылқы баққаны туралы ақпарат әлеуметтік желіде кеңінен тараған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Даркнетте 15 млн қазақстандыққа қатысты деректер базасы сатылымға қойылғаны туралы ақпарат тарады, д...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бір топ қоғам қайраткерін мемлекеттік наградалармен марапаттады, деп х...