Геннадий Головкинге қатысты Украинада шу шықты: боксшыға ауыр айып тағылды

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
181

Қазақстандық боксшы, World Boxing президенті әрі Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкин Украинаның «Миротворец» сайтының деректер базасына енгізілді, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Бұл туралы 1bol.kz жазды. Мәліметке сәйкес, Головкиннің аты-жөні базаға 15 тамызда енгізілген. Ресурста оған қатысты негізгі сын ресейлік спортшыларға байланысты халықаралық шектеулердің алынуымен байланысты айтылған.

Бұған дейін Головкин басқаратын World Boxing ұйымы ресейлік боксшыларға қатысты шектеулерді алып, олардың халықаралық жарыстарда Ресейдің мемлекеттік туы мен әнұранын пайдалануға мүмкіндік бергенболатын. Осы шешімнен кейін ұйымның Ресей спортшыларына қатысты ұстанымы өзгергені байқалды.

Дәл осы шешім Головкиннің «Миротворец» деректер базасына енгізілуіне себеп болғаны көрсетілген.

Айта кетейік, Геннадий Головкин World Boxing ұйымының президенті болып 2025 жылдың қарашасында сайланған. Ол бұл қызметке келгеннен кейін халықаралық бокста ұйымның саясатын қалыптастыруға жауапты негізгі тұлғалардың біріне айналды.

«Миротворец» – Украинада жұмыс істейтін, қоғамдық тұлғалар мен басқа да адамдар туралы деректер жариялайтын даулы ресурс. Оның деректер базасына енгізілуі Украина билігінің ресми санкциясы немесе сот шешімі дегенді білдірмейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Солтүстік Қазақстан облысы Мамлют ауданындағы Меңкесер көлінде бір айда демалуға барған екі адамның...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген әлемдік DIMENSIONS туры аясында Перуде концерт береді, деп хабар...