Бұрынғы Әділет министрінің ісі сотқа жіберілді

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1596

Экс-шенеунікке қатысты іс бойынша тергеу амалдары аяқталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бигайдаров мәлім етті, деп хабарлады Мadeniportal.kz kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап.

- Агенттік бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев және басқа тұлғаларға қатысты алаяқтық, аса ірі мөлшерде ұрлау және кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу ісі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын аяқтады. Биыл 3 наурызда қылмыстық іс сотқа жіберілді, - деді Данияр Бигайдаров ведомствода өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетсек, бұрынғы министр Марат Бекетаев 1,5 жылдай қамауда отырды. 

Еске сала кетейік, бұрынғы Әділет министрі Марат Бекетаев 2023 жылы қазанда лауазымдық өкілеттігін асыра пайдаланды деген күдікпен ұсталды. 

Антикордың мәліметінше, ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүддесін қолдаған.

Экс-шенеунікті қамауда ұстау мерзімі бірнеше рет ұзартылды. Соңғы рет биыл 21 мамырда 2024 жылғы 21 маусымға дейін қамау санкцияланды. 

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі өнер иесі Тамара Асар әлеуметтік желідегі парақшасында елмен сүйінші жаңалығын бөлісіп, қуан...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Жаңа Конституция бойынша өтіп жатқан жалпыхалықтық референдумда дауыс...