Қазақстаннан 40 шетел азаматы шығарылды

ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
986

Көші-қон заңнамасын сақтау аясында болу тәртібін бұзған 40 шетел азаматы ел аумағынан шығарылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Тасымалдау барлық қауіпсіздік нормалары сақтала отырып, рейстік автобуспен ұйымдастырылды.

«Анықталған тұлғалар көші-қон режимінің талаптарын бұзды, сондықтан заңға сәйкес олар елден шығарылды. Біздің міндетіміз – құқықтық тәртіпті, қала тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасы аумағында жүрген барлық тұлғалардың заңнаманы сақтауын қадағалау», – деп атап өтті Алматы қаласы ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Еркін Амантаев.

Елден шығару қолданыстағы заңнамаға қатаң сәйкес жүргізілді: әрбір тұлға бойынша құжаттар рәсімделіп, шекараға дейін қауіпсіз тасымалдау бақылауға алынды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда жолаушылар автобусы жол жиегінде тұрған жүк көлігіне соғылып, төрт адам медициналық көмекке...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте есірткінің заңсыз айналымына қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы ер адам ұсталды. ІІМ мәл...