Бетін тырнап алған: Степногорскіде 40 жастағы әйел полицейге күш көрсеткен

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
367

Полицияға тұрғын үйдегі пәтерлердің бірінде қатты шу болып жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнында полицияға әйел адам күш көрсеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға орнына барған патрульдік полицейлер пәтерден қатты музыка естілгенін анықтаған. Есікті 40 жастағы әйел ашқан. Оның мас болғаны белгілі болды. 

Полицейлер әйелден қатты музыканы өшіруді талап етіп, медициналық куәландырудан өтуді ұсынған. Алайда ол талапты орындаудан бас тартып, балағат сөздер айтып, тәртіп сақшыларына агрессия көрсеткен. 

Жанжал кейін подъезде де жалғасқан. Әйел алдымен полицейлердің бірін итере бастаған. Артынша пәтерден жүгіріп шығып, тәртіп сақшысына шабуыл жасап, оның беті мен мойнын тырнап тастаған. 

Оқиға кезінде екінші полицей болған жағдайды бейнетаспаға түсіріп алған. 

Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. Полицей қызметкеріне күш қолдану фактісі бойынша тергеу басталды. 

СПОРТ

Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін Молдоваға қарсы кездесу өткізіп, 1:2 есебімен жеңіліп қалды, деп хаб...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда тоғыз жастағы балаға сексуалдық сипаттағы әрекет жасады деген күдікпен ер адам ұсталды, деп...