Биыл қараша айының 12-14 күндері аралығында Шымкент қаласы аумағында республикалық денгейдегі "Анти-...
10 жыл бойы дипломат күйеуінен таяқ жеген әйел балаларымен бірге дағдарыс орталығына жеткізілді
Фото: korgau.astana
БАӘ-гі Қазақстан елшісі кеңесшісінің әйелі Карина Мамаш елге оралғаннан кейін дағдарыс орталығына барды. Оның өз пәтері бар, бірақ ол жерде қазіргі уақытта Сәкен Мамаштың туыстары тұрып жатқан көрінеді, деп хабарлайды madeniportal.kz.
Бұл туралы Nemolchikz_offical өз Instagram парақшасында жариялады. Қордың жазуынша, Каринадан қазір түсініктеме алынуда. Каринаның анасының сөзінше, оған неше түрлі сұрақтар қойылыпты. Оның ішінде ішімдік қолданған шығарсың деген секілді сауалдар болған.
Каринаның анасы мен әпкесі басқа дағдарыс орталығына барған. Ал өзі балаларымен бірге «Қорғау» дағдарыс орталығында екені белгілі болды. Орталық басшысы ол жерде психолог маман мен заңгердің көмегін алатынын айтады.
"Қазір Карина Мамаш әпкесімен және балаларымен еліне оралды. Әуежайдан оны жақын достары күтіп алды. Бірақ күйеуінің туыстары да келді. Балалары үшін қорыққан ол дағдарыс орталығына келді. Қазіргі уақытта олар дағдарыс орталығында, әйел мұнда психолог пен заңгердің көмегін алады", – деп жазған Анна Рыль өз Facebook-парақшасында.