Елімізде төтенше жағдайдағы өңірлерде 100 бала өмірге келді

Фото: gov.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1893

Республиканың ауқымды су тасқыны жағдайына байланысты төтенше жағдай жарияланған өңірлерінде 100 бала аман-есен дүниеге келді, деп хабарлайды madeniportal.kz, 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. 

Ведомствоның мәліметінше, оның ішінде Қостанай облысында - 8 сәби, Ақтөбе облысында – 14 сәби, Батыс Қазақстан облысында - 22 нәресте, Абай облысында 4 сәби дүниеге келді. Ал Қарағанды облысында – 2 сәби, Атырау облысында – 18 сәби, Ақмола облысында – 32 сәби дүниеге келді.

Бұрын хабарланғандай, су тасқыны басталғаннан бері өңірлерде 84 жүкті әйел эвакуацияланды. Оның ішінде босану мерзімі жақын 31 әйел ауруханаға жатқызылды.

Апатты аймақтарда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға барлығы үш мыңға жуық дәрігер мен 300-ге жуық жедел жәрдем бригадасы медициналық көмек көрсетуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда 21 жасқа дейін несие берілмеуі мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.  Парламент...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа» және «Парыз» сыйлығының ла...