Қоғам қайраткері және жазушы Болат Сағындықов дүниеден өтті

Фото: Инстаграм/ Ғауез Нұрмұхамбетов

ЖАҢАЛЫҚТАР
1500

Бүгін Солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы, қоғам қайраткері, жазушы, «Память» қоғамдық қорының төрағасы Болат Мағазұлы Сағындықов өмірден озды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Қаралы хабарды Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғауез Нұрмұхамедов жеткізді.

Болат Мағазұлы өз өмірін халыққа қызмет етуге және өңірдің аграрлық саласын дамытуға арнады. Оның еңбек жолы маңызды кезеңдерге толы болды: ол партия органдарында жауапты қызметтер атқарды, совхоздарды басқарды, Тәуелсіздік жылдарында мемлекеттік қызметтің дамуына елеулі үлес қосты.

Оның қоғамдық қызметі де ерекше құрметке ие. Болат Сағындықов Петропавл қаласында саяси қуғын-сүргін құрбандарының есімі жазылған ескерткіш пен Қабырға тұрғызу бастамашыларының бірі болды. Жазушы ретінде адамдар тағдырына, тарих пен жадыға арналған көптеген кітаптардың авторы.

"Болат Мағазұлы Сағындықовтың жарқын бейнесі туған-туыстарының, әріптестері мен солтүстікқазақстандықтардың жүрегінде мәңгі сақталады.Марқұмның отбасы мен жақындарына шын жүректен көңіл айтамын", - деп жазды әкім. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда медициналық диагностика мен емдеудің заманауи технологияларын енгізу арқылы балаларды ше...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда 9 қаңтарда жоғалып кеткен 59 жастағы Талғат Назаровты іздеу жұмыстары ресми түрде аяқталды,...