Қоқыстан дәретхана қағазына оралған сәбидің мәйіті табылды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
2123

Өзбекстанда адам шошитын жантүршігерлік оқиға болды. Самарқандта қоқыс полигонында денесінде көптеген жарақат пен тілімдері бар нәрестенің мәйіті табылды. Бұл туралы madeniportal.kz Azattyq Rýhy агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.

Шақалақтың мәйітін Корасов ауданындағы ғимараттың жанында орналасқан қоқыс полигонының жанынан тауып алған. Нәрестенің қолдары мен аяқтарында көптеген тілімдер, түрлі жарақаттар бар екені анықталды. Сәбидің үстінде киімі болған жоқ, ал аяқтары дәретхана қағазымен оралған.

Бала табылған жерде камера болмағаны, алайда жақын жерде аудан болғандықтан, маңайы бос жатқан орын деп саналмағаны атап өтілді. Дәрігерлер шетінеп кеткен сәбидің небәрі 22 апталық екенін, дамуы қалыпты, ал салмағы 500 грамм шамасында екенін айтты. Алайда, мамандар сәбидің кіндігі кесілмегенін байқаған.

Дәрігерлер баланы маманның бақылауынсыз үйде туылуы мүмкін деген болжам айтты. Осыған байланысты дәрігерлер сәби табылған ауданда тұратын 500 жүкті әйелмен байланысқа шыққан. Мамандар бұл қонаққа келген отбасылардың бірінің баласы болуы мүмкін деген болжам айтты, өйткені ауданда пәтер жалдап тұратындар көп. Полиция қызметкерлері бұл оқиғаға қатысты тергеу жұмыстарын бастады.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...