Ақмола облысында өрт болып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды madeniportal.kz. Қайғылы оқиға Шұбарағ...
13 жасар қызына қайыр тілетіп қойған әке бағдарлама үстінде ұсталды
КТК арнасындағы Астарлы ақиқат бағдарламасына бір үйдің төрт баласы хабарласып, аналары қайтыс болғаннан кейін әкелерінің басқа әйелдің етегінен ұстап кеткенін жайып салды. Алайда жанұясынан безген ер адам 13 жастағы қызын үйден ұрлап кетіп, сонымен бірге, барлық балаларынан бөлек тұрып жатыр деп хабарлайды "Мәдениет порталы"
Бағдарламаға келген кәмелет жасқа толмаған балалар аналары ауырып, көз жұмғаннан кейін тірілей әкелерінен де айырылып қалғанын айтты.
Олар отағасының басқа әйелдермен сөйлесіп, балаларын мүлде ойламай кеткенін жайып салды.
Анам қайтыс болғаннан кейін мүлде жоғалып кетті. Өзіміз поляда жұмыс істеп күн көрдік, папамның әпкесі өзіне тартып, кейіннен жақтыртпаған соң, квартираға шығып кеттік.
Сонымен қатар, ер адамның туыстары әкесі өзімен алып кеткен 13 жастағы қыздың мешітте қайыр тілеп жүргенін көріпті.
Әкесі бағдарлама барысында мұны жасырып баққанымен, қыздың өзі бұл сөздерді растады. Сондай-ақ, ол әкесімен емес, әпкелерімен тұрғысы келетінін де айтты.
Жасөспірім жүргізушінің бірқатар сұрақтарына қиналып жауап берді. Оның сөзінше, ол расымен де мешітте қайыр тілеп жүрген. Сондай-ақ, барлық оқушылар секілді мектепке де әлі бармапты.
13 жастағы қыз Саяхаттың маңында күніне мың теңге төлеп, жалдамалы пәтерде тұрып жатқанын сөз етті. Айтуынша, ол әкесімен бір бөлмелі үйде тұрып, бір төсекте жатады екен.
Ал ер адам жұмыстарымен шығып, баласын үйде тастап кеткенде, оған үйдің иесі тамақ беріп, қарап қалады екен.
Балалар мен әкенің бір-біріне таққан айыбын естіген бағдарлама ұжымы соңында 102-ге хабарласып, ер адамды құқық қорғау органдарына тапсырды.