Нұрлан имам: “ Ораза ұстадым деп понтоваться етпей-ақ қой”

Фото: әлеуметтік желіден

ЖАҢАЛЫҚТАР
821

Халыққа кеңінен танылған имам Нұрлан Байжігітұлының видеосы тарады, деп хабарлайды madeniportal.kz Ulysmedia.kz тілшісіне сілтеме жасап.

Белгілі имамның әлеуметтік желіде оразаға қатысты шымшыма әзілмен айтқан видеосы тарады.

“Мен ораза ұстадым деп понтоваться етпей-ақ қой. Түсінікті ме? Ұстасаң өзің үшін. Қазір енді ондай жоқ. 90 жылдары мен оқу бітіріп келгенде оқушы балалар сабақта “түкірігімді жұтпаймын, ораза ұстадым” деп отыратын. Ондай проблема жоқ. Сілекей жұтыла береді. Тек біреудің сілекейін жұтуға болмайды”,- дейді имам. 

Нұрлан имам ораза ұстаған адамның өзін қалай ұстауы керектігін де нақты түсіндіреді.

“90 жылдары мен оқу бітіріп келгенде оқушы балалар сабақта “түкірігімді жұтпаймын, ораза ұстадым” деп отыратын. Ондай проблема жоқ. Сілекей жұтыла береді. Тек біреудің сілекейін жұтуға болмайды” — дейді.

Бұл жерде имамның айтуы бойынша, ораза ұстаған адамның сілекейін жұтуы оразаны бұзбайды. Дегенмен, шектен тыс ырымшылдық пен теріс түсініктерден сақ болу керек. 

Имам Нұрлан Байжігітұлының айтуынша, ораза ұстаған адам өз міндеттерінен қашпау керек. Мысалы, оқушылардың сабаққа бармай немесе ұйықтап қалып, мұғалімдерге оразаны сылтау етуі дұрыс емес.

“Ораза кезінде сабаққа барып ұйықтап қалып мұғалім ұрысса “не, мен ораза ұстадым” деу ол ақымақтық. Ораза өзіңдікі. Сабақты оқуға міндеттісің”— дейді. 

Исламда ауру немесе әлсіз адамдар оразадан босатылады.

“Құдай қолдан келмеген нәрсені жүктемейді. Ауру, әлсіз адам оразадан босатылады” — деп атап өтті. 

Шоу-бизнес

Say Mo есімімен танымал әнші Мөлдір Есембек актер Шәріп Серіктен тұрмыста кезінде көрген қорлығын...

АЙМАҚТАР

Бір күн бұрын Ақтауда түркі әлемінің мәдени астанасы мәртебесін беруді атап өтті, деп хабарлайды MAD...