Оқиға Алматының Наурызбай ауданында қоғамдық көлік аялдамаларының бірінде күндіз орын алған, деп хаб...
Қостанай облысында 15 жастағы жасөспірімді өлтірген ер адам 23 жылға сотталды
Фото: freepik
Қостанай облысының Жітіқара қаласында анасын қорғауға тырысқан 15 жастағы жасөспірімді пышақтап өлтірген ер адамға сот үкімі шықты. Ол 23 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Сотта анықталғандай, биыл сәуірде ер адам ішімдік ішкеннен кейін әйелімен жанжалдасып, оған пышақпен шабуыл жасаған. Әйелдің жанайқайын естіген 15 жастағы ұлы анасына араша түсуге келген.
Алайда ер адам жасөспірімнің кеуде тұсына бірнеше рет пышақ сұғып, ауыр жарақат салған. Бала оқиға орнында көз жұмған.
Одан кейін сотталушы әйелін өлтіруге әрекет жасаған. Алайда оған жәбірленушінің ағасы кедергі келтіріп, әйелдің өмірін сақтап қалған.
Сот ер адамды кінәлі деп танып, орташа қауіпсіздік мекемесінде 23 жыл жазасын өтеугеүкім шығарды. Сонымен қатар қаза болған жасөспірімнің анасына 15 миллион теңге, әкесіне 5 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.