Макс Бродқа қайтыс болғанға дейін өртеп жіберу үшін берген Франц Кафканың қолжазбалары, хаттары мен...
Асу Алмабаев тағы да жеңіске жетті (ВИДЕО)
ашық дереккөзден алынған
Абу-Дабиде өткен UFC on ABC 9 турнирінде қазақстандық спортшы Асу Алмабаев (21-3) Перу елінің өкілі Хоче Очоа (8-1) есімді қарсыласымен кездесіп, сенімді түрде жеңіске жетті, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Үш раундқа жоспарланған жекпе-жек толық ұзақтығында өтті. Алғашқы екі кезеңде Асу қарсыласынан едәуір басым болды — әрі грэпплингте, әрі тік тұрып соғысуда. Соңғы раундта ол екі мәрте тұншықтыру тәсіліне тап болғанымен, жекпе-жекті сәтті аяқтап, жеңісін сақтап қалды.
Айта кетерлік жайт — бұл Асу Алмабаевтың UFC-дегі алтыншы айқасы. Ол осыған дейін бес рет жеңіс тойын тойлап, бір мәрте жеңіліс тапқан. Соңғы рет октагонға анголалық Манел Капеге қарсы шығып, техникалық нокаутпен ұтылған болатын. Соған қарамастан, Асу қазір UFC салмақ дәрежесі бойынша ТОП-10 ішінде, нақтырақ айтсақ, тоғызыншы орында тұр.