Непалда үйінді астынан екі егіз сәби тірідей табылды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
800

Непалдағы жойқын су тасқынынан кейін құтқарушылар үйінді астынан екі егіз сәбиді аман алып шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Суықтан дірдектеген нәрестелерді әскерилер қолдарына алып, жұбатқан сәт бейнежазбаға түсіп, әлеуметтік желіде кеңінен тарады. Кадрлар көпшіліктің жүрегін елжіретті.

Әзірге егіздердің ата-анасы туралы ақпарат жоқ.

Соңғы мәлімет бойынша, Непалда табиғи апат салдарынан кемінде 538 адам қаза тауып, 977 адам хабар-ошарсыз кеткен. Тибеттің Гьиронг ауданында тағы 558 адам іздестіріліп жатыр.

Айта кетейік, Непал мен Қытай шекарасындағы апаттан кейін Қазақстан азаматтары да іздестіріліп жатыр деген ақпарат тараған. СІМ мәліметі бойынша, дипломаттар жоғалған қазақстандықтарды іздеу жұмыстарына қатысып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Арандатушы видеоларымен және көлікті қауіпті жүргізуімен танылған 28 жастағы «Nazarrollan&raqu...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы Республикалық физика-математика мектебінің тағы үш оқушысы ауруханаға жеткізілді. Осылайш...