Қостанай облысының әкімдігі Салтанат Нүкенованың есімі жазылған тақтаның орнатылғаны жөніндегі ақпаратты жоққа шығарды

Әлеуметтік желіден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
856

Қостанай облысы Амангелді ауданының әкімдігі әлеуметтік желілерде тараған Салтанат Нүкенованың есімі жазылған тақтаның «Ұлттық жады қабырғасы» мемориалдық қабырғасына орнатылғаны туралы ақпаратқа түсініктеме берді, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы  Azattyq Rýhy жазды. Әкімдік бұл мәліметтердің шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.

Әкімдіктің мәліметінше, Амангелді ауылында 2020 жылдан бастап меценаттың бастамасымен «Амангелді» көпфункционалды туристік кешені салынып жатыр. Бұл кешенге пирамида, кафе, қонақүй, әлемге әйгілі көрнекті орындардың көшірмелері мен балалар алаңдары кіреді.

«Сондай-ақ туристік хаб аумағында 296 тарихи тұлғаның есімі жазылған тақталар орнатылған «Ұлттық жады қабырғасы» мемориалдық қабырғасы бар. Мемориалдық қабырға 2024 жылғы 23 мамырда монументалды өнер нысандарын орнату жөніндегі республикалық комиссиямен келісіліп, жергілікті атқарушы органның балансына берілді», – деп мәлімдеді әкімдік.

Мекеме Салтанат Нүкенованың есімі жазылған тақта мемориал қабырғада емес, ресми нысанға жатпайтын жеке бөлмеде орналасқанын атап өтті.

«Меценаттың жеке бастамасымен, «Ұлттық жады қабырғасына» қатысы жоқ жеке жабық бөлмелердің бірінде тұлғалар мен тарихи оқиғаларға арналған бірнеше ондаған тақталар орнатылған, олардың ішінде Салтанат Нүкенованың есімі жазылған тақта да бар. Бұл тақталар тек меценаттың жеке бастамасымен орнатылған», – деп нақтылады Амангелді ауданының әкімдігі.

Осылайша, Салтанат Нүкенованың есімі жазылған тақта жекеменшік туристік кешен аумағында орналасқан және мемлекеттік «Ұлттық жады қабырғасының» бөлігі болып табылмайды.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...