Айтбек Амангелді Шерзаттың әкесіне қатысты полиция берген кей ақпаратты жоққа шығарды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1989

Марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Қаржаубай Нұрымовтың ісіне қатысты полиция берген кей ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

Айтбек Амангелдінің айтуынша, Полиция 10 желтоқсанда Нұрымовты «туыстары мен адвокаттарының өтініші бойынша» ұстағандары шындыққа жанаспайды. Шерзат Болат отбасының адвокаттары Қаржаубай Нұрымовты ұстаңдар деп полицияға өтініш жасамаған. 

Сонымен қатар желіде тараған Қаржаубай Нұрымов пен марқұм інісі Нұрқанат Ғайыпбаевтың соңғы рет бір-біріне жазған хатын жариялауға отбасы тарапынан рұқсат берілмеген. 

«Қаржаубайдың отбасы және адвокаттары оның Нұрқанатпен жазысқан хатын пабликтер мен ақпарат көздерінде жария қылуға келісті деген мәлімет шындыққа жанаспайды. Отбасынан, адвокаттарынан ешкім екеуара жазысқан хатты жария етуге рұқсат бермеді», - деді ол. 

MADENI TV

Алматы қаласында ақын, Қазақстанның Еңбек Ері Мұхтар Шаханов есімін қала көшелерінің біріне беру тур...

АЙМАҚТАР

Қазақстанда 25–27 сәуір күндері ауа райы күрт құбылып, бірқатар өңірде жаңбыр, қар аралас жауы...