Қостанайда 5 айыпталушыны сотқа апара жатқан полиция көлігі жол апатына түсті

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
525

Қостанайда 5 айыпталушыны сотқа апара жатқан полиция көлігі жол апатына түсті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Жол апаты 16 маусымда болды.

Облыстық полиция мәліметінше, полиция көлігі сотқа бес адамды тасымалдап бара жатқан. 

«Арнайы қызметтік тапсырманы орындау барысында жарқылдақ маяктарын қосып келе жатқан қызметтік «Jac» көлігінің жүргізушісі жол қиылысынан өту кезінде маневрдің қауіпсіздігіне көз жеткізбей, жасыл бағдаршам белгісіне сәйкес қозғалып келе жатқан «Chevrolet Cobalt» көлігімен соқтығысқан», - дейді полициядағылар. 

Салдарынан екі адам зардап шекті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы қаласындағы этномәдени бірлестіктердің өкілдері мегаполис тұрғындарына үндеу жасап, маңызды қ...

Шоу-бизнес

"Әлем аруы – 2026" халықаралық сұлулық байқауына Қазақстан атынан Miss Qazaqstan 2024 титулыны...