Емшінің бұған дейін адам өлтіргені расталды

Фотосуреттер Kazinform сайтынан алынды

Жаңалықтар
673

Шымкентте қамқорлығына және асырап алған балаларына жауыздық танытқан емшінің бұған дейін адам өлтіргені расталды. Сондай-ақ ол психикалық ауытқумен есепте тұрған, деп жазады madeniportal.kz тілшісі kaz.inform.kz сілтеме жасап.

Емші ісіне қатысты жабық сот процесі өтіп жатыр.

Сот отырысына келген қалалық білім басқармасы қорғаншылық және қамқоршылық бөлімінің маманы Жадыра Тоғысбекова тілшілерге берген сұхбатында ер кісі бала асырап алмас бұрын жұбайы екеуі бала асырап алу бойынша арнайы курстан өткенін және бірнеше құжат ұсынғанын айтты.

Бұл құжаттар ішінде емшінің бірқатар медициналық анықтамада дені сау екені, бұрын сотталмағаны көрсетілген. 

Басқармадағылар биыл мамырдың 27-сінде прокуратураға сұраныс жіберген. 

ҚР Бас прокуратурасы құқықтық статистика комитеті «Ақпараттық қызмет» жүйесі жасаған құжатта емшінің 1993 жылы «абайсызда адам өлтіру» бабымен істі болғаны және психикалық ауытқуына байланысты қылмыстық іс тоқтатылып, ол мәжбүрлеп емдеуге жіберілгені көрсетілген. 

Айта кетейік, емшіге сот актісі бүгін жарияланады. 

Естеріңізге сала кетейік, шымкенттік емші асырап алған 6 баласын қорлап, азаптады деген күдікпен қамауда отыр. Балалардың елдің түрлі қалаларынан асырап алынғаны белгілі болды.

Емшінің қатыгез әрекеті ұзақ уақыт бойы қалайша ашылмағаны, балаларды қандай негізде асырап алғаны әзірге белгісіз. 

Бұған дейін өгей әкенің 2021 жылы асырап алған 6 баланы қорлықта ұстағаны туралы дерек тараған.

Балалардың үлкені өгей әкенің оларды аш ұстап, мысық пен иттің етімен ғана азықтандырғанын айтып, көмек сұраған. 

Тексерушілер аталмыш үйден лас жағдайда өмір сүріп жатқан, әбден азып-тозған, денесінде көгерген, қызарған із бар балаларды тапқан. 

«Көз алдымыздағы көріністен есеңгіреп қалғандай болдық. Балалар азып-тозған, денелері көгерген, күтімсіз, лас. Ол үйге тұтас комиссия болып барғанбыз. Жағдайда көрген сәтте-ақ балаларды уақытша болса да асыраушыдан алып қою керектігін түсіндік. Оларды онда қалдыру қауіпті еді. Әр баланың үстінде қос қабаттан кір сіңген киім болды. Бесеуі тіпті сөйлей алмайды десе де болады. Балалардың денесіндегі көгерген іздерді ата-анасы ойнап жүріп түсірген шығар деп түсіндірмек болды», — дейді Шымкент қаласындағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл Жаннета Жазықбаева. 

Шоу-бизнес

Атақты продюсер Баян Мақсатқызы сұхбат барысында өмірінде өткен қиын кезеңдерімен бөлісті, деп хабар...

Жаңалықтар

Бүгін ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен Қ. Қуанышбаев атындағы Қазақ Ұлттық музыкал...