Әскерден қашқандарға 3 млн теңгеге дейін айыппұл салынады, деп хабарлады madeniportal.kz Alash.kz ұл...
Қостанайда ерлі-зайыпты бірге істеген ерсі әрекеті үшін сотталады
Фото: freepik
Қостанайда заңсыз криптовалюта операцияларынан 2 млрд теңге тапқан ерлі-зайыптылар сотталды, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.
Ерлі-зайыпты 2021 жылдың тамызынан 2024 жылдың қаңтарына дейін кәсіпкерлік қызметтің тыйым салынған түрімен айналысқан. Олар Қазақстан аумағында айналымына тыйым салынған цифрлық активтермен сауда жасаған.
Сотталушылар кінәсін мойындаудан бас тартты. Мемлекеттік айыптау оларға екі жарым жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.
Сот сотталушылардың қылмыстық ісін қарап, олардың екі жас баласы бар екенін жеңілдететін жағдай деп таныды.
Ерлі-зайыптылар 2 жылға бас бостандығынан айырылды.
Ер адам сот залында қамауға алынды. Ал әйелге ана міндетін атқару үшін жазасын өтеуді орындау 5 жылға кейінге шегерілді.