Тоқаев ел тұрғындарын Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтады

Фото: Ақорда

ЖАҢАЛЫҚТАР
831

Президент бұл мейрамның ел үшін маңызды екенін алға тартты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

“Құрметті отандастар! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Бұл – қоғамымыздың мызғымас құндылықтарын паш ететін қастерлі мейрам.

Кезінде тағдырдың жазуымен елімізде тұрақтаған түрлі этнос өкілдері Қазақстан атты киелі Шаңырақтың астында бір үйдің баласындай тату-тәтті өмір сүріп жатыр. Бұл – бәрімізге ортақ игілік”, – деді ол.

Тоқаев бейбіт заман мен бірлігімізді сақтап қалу жаңа конститутцияда да ерекше аталғанын айтты.

“Бұл – Қазақстан халқының саналы түрде жасаған таңдауы. Себебі азаматтарымыз баршаға бірдей құқықтар мен мүмкіндіктер беретін елде, әділ, тұрақты және бақуатты қоғамда тұруды қалайды. 

Қымбатты отандастар, баршаңызға зор денсаулық, амандық және бақ-береке тілеймін!” – деп қорытты ол. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ресейдің Еврей автономиялық облысында шағын автобус пен пойыз соқтығысып, алты адам көз жұмды, деп х...