Қостанайда Qazaq Air ұшағының дөңгелегі тұтанды

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
466

Qazaq Air әуе компаниясының ұшағы Қостанай әуежайында ұшу кезінде дөңгелегі өртеніп кетті, деп хабарлады  MADENIPORTAL.KZ

Бұл туралы Ақжайық жазды. «Ұшақ ұшуға екпін ала бастағанда кенеттен қатты тежеу жасады. Мен дәл сол дөңгелектің қасында отырған едім, тежеген сәтте ұшқын шықты да, дөңгелек бірден отқа оранды», — дейді журналист.

Оқиғадан кейін жолаушыларды ұшақтан түсірген, ұшақ ұшқан жоқ. Астанаға бағытталған рейс белгісіз мерзімге шегерілді. Қазақстан астанасына басқа рейстерге билет болмағандықтан, Вьетнам мен Қытайға транзитпен жол тартқан туристерге Алматы арқылы жаңа билет сатып алуға тура келді.