Электр велосипедтерге қатысты жаңа ереже

Фото: Pixabay

ЖАҢАЛЫҚТАР
301

Елімізде қозғалтқышы бар велосипедтерге қатысты талаптар өзгереді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев оларды мопедтер санатына енгізетін заңға қол қойды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Заңға сәйкес электр велосипедтер мемлекеттік тіркеуден өтіп, нөмірлік белгі алуы тиіс. Жаңа талаптар ресми жарияланған күннен бастап 60 күн өткен соң күшіне енеді.

«Жол жүрісі туралы» заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, мопед ұғымына «қозғалтқышы бар велосипедтер» деген тармақ қосылды. Бұл электр велосипедтердің құқықтық мәртебесін нақтылап, оларды мопедтермен теңестірді.

Осыған байланысты мұндай көлік құралдары мемлекеттік есепке қойылып, тіркеу нөмірін алуға міндетті болады. Сонымен қатар жүргізушілеріне мопед иелеріне арналған жол қозғалысы ережелері қолданылады.

Атап айтқанда, қозғалтқышы бар велосипед жүргізушілеріне велосипед жолымен, велосипед жолағымен, жол жиегімен, тротуармен және жаяу жүргіншілер жолымен жүруге тыйым салынады. Олар енді қарапайым велосипедшілер сияқты емес, мопед жүргізушілері сияқты жол қозғалысы талаптарын сақтауы тиіс. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда бір топ жасөспірім қыздың қатарласын аяусыз соққыға жыққан видеосы әлеуметтік желіде тарады...

PESTEL

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында болған тікұшақ апаты салдарынан америкалық әнші әрі музыкант Ol...