ҚР Ұлттық музейінде "Көктем симфониясы"

ЖАҢАЛЫҚТАР
7863

2021 жылы 11 наурыз күні сағат 11.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде Ұлыстың ұлы күні - Наурыз мейрамына арналған «Көктем симфониясы» атты ұлттық кәдесыйлар, кескіндеме және қолөнер бұйымдары көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтеді. 

Көрменің мақсаты – жас ұрпаққа қазақ халқының мәдениеті мен салт-дәстүрлерін таныстыру, олардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақ халқының сәндік қолданбалы өнеріне деген қызығушылықтарын ояту.  Ерекше балалардың бейнелеу және қолөнер бұйымдарын көпшілікке кеңінен насихаттау арқылы оларға қоғамдық қолдау көрсету. 

Іс-шарада кәдесыйлар, кескіндеме және қолөнер бұйымдары көрсетіліп, өлең оқылып, ән шырқалып, Наурыз мейрамының мәні мен дәстүрін бейнелейтін көріністер қойылады. 

Көрмеге Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №1 арнайы мектеп-интернаты мен «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының арнайы білім беруді қажет ететін балаларының, «Үнсіз әлем – Безмолвный мир» есту қабілеті төмен жандарды қолдау қоғамдық қорының қолдан жасалған ұлттық кәдесыйларды шығару шеберханасы жұмысшыларының қолынан шыққан ұлттық кәдесыйлар, моншақтан тігілген картиналар, кескіндемелік туындылар қойылады. 

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің №1 арнайы мектеп-интернаты мен «Шарапат» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының арнайы білім беруді қажет ететін балалары, «Үнсіз әлем – Безмолвный мир» есту қабілеті төмен жандарды қолдау қоғамдық қорының қолдан жасалған ұлттық кәдесыйларды шығару шеберханасы жұмысшылары, мектеп-гимназия оқушылары қатысады.

madeniportal.kz

PESTEL

Қытайдың Шанхай қаласында магистратурада спорттық білім беру мамандығы бойынша оқып жүрген студент в...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қаскелең қаласындағы Қаныш Сәтбаев атындағы №47 орта мектепте 9-сыныпта оқитын оқушы мектеп қабырғас...