Алматыда бірнеше номинация бойынша дін саласының өзекті мәселелері туралы үз...
Қуандық Бишімбаевтың анасы компанияларын қайтара бастады
Фотосурет ашық дереккөзден алынды
Қуандық Бишімбаевтың анасы Әлмира Нұрлыбекова компанияларын өзіне қайтара бастады, деп хабарлайды madeniportal.kz тілшісі Dalanews.kz сайтына сілтеме жасап.
Реестрлердегі мәліметтер бойынша, 71 жастағы Әлмира Нұрлыбекова қайтадан Sapa Logistics компаниясының иелерінің бірі атанған.
Әлмира Нұрлыбекова 2020 жылдан бері ЖШС құрылтайшылар құрамында болған. Алайда 2024 жылы Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты іс қызу талқыда болған кезде компаниядағы үлесін туысы Қарлығаш Әділоваға жазып берген. Қазіргі таңда Sapa Logistics компаниясының төрт иесі бар, олар – Нұрлыбекова, Әділова және Арман Досмағамбетов. Соңғысы 2018 жылдан бері компания директоры қызметін атқарып жүр.
Sapa Logistics туралы не белгілі?
Ресми түрде бұл - Бишімбаевтарға тиесілі ең ірі компания. Мекеме қоймада тауар сақтаумен айналысады. Компания 2015 жылдан бері 900 миллион теңгедей салық төлеген. Қуандық Бишімбаев Нүкенованың өліміне қатысты алғашқы сот отырысында Sapa Logistics компаниясында кеңесші болып жұмыс істейтінін айтқан болатын.
Компания сайтындағы мәлімет бойынша, ЖШС клиенттерінің арасында Coca-Cola, Herbalife, Pony Express, Schneider Electric, "Сұлтан" және тағы басқа компаниялар бар.
Әлмира Нұрлыбекованың тағы қандай активтері бар?
Sapa Logistics - тергеу кезінде Әлмира Нұрлыбекова "құтылған" жалғыз компания емес. Мысалы 14 наурызда ол Ezy Park ЖШС құрылтайшылар тізімінен шығып кеткен. Салтанат Нүкенова мерт болған BAU мейрамханасы осы компанияға тиесілі. Компанияға 2020 жылдан бері Нұрлыбекова иелік еткен. Ал қазіргі басшылары - Азамат Ахметжанов, Сержан Мәдев, Қайрат Мәлік және Ғалима Шаханова. Мәдиевтен өзгелері 14 наурыздан бері компанияға басшылық ете бастаған.
Сонымен қатар, 2024 жылдың сәуірінде Әлмира Нұрлыбекова "Наубет-II" компаниясының басшылығынан да кеткен. Жалпы Бишімбаевтың анасы құжаттар бойынша тағы бірнеше компанияға иелік етеді, оның ішінде:
"Шу" техникалық лицейі;
Астанадағы "Success ABN" ЖШС бар.