Су тасқынынан өңірлерде 8,1 мың мал қырылды. Су тасқыны кезінде еліміз аумағында 88 мың мал қауіпсіз...
Елорда төрінде «Ән-жырым - Сарыарқа» атты концерт өтті
Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Мемлекеттік академиялық филармониясының «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің «Ән-жырым - Сарыарқа» атты Наурыз мерекеcіне арналған концерті өтті.
Концерттің мақсаты – күн мен түн теңеліп, Жер-Ана бусанып, өзен-көлдер мұз құрсауынан босап, айдынға аққу-қаз оралып, жайма-шуақ күн орнап, тіршілік жаңарғанын, туған-туыс ағайын, бір – бірімен қауышып, аман-саулық сұрасып, татулықтың, береке-бірліктің, ырыс-ынтымақтың мерекесінің келгенін көрсету.
Осы орайда «Сарыарқа» фольклорлық ансамблінің көркемдік жетекшісі, Мәдениет саласының үздігі -Тоғжан Жахин:
«Ұлттық мерекені тойлауда филормонияның үздік өнер иелері халыққа керемет көңіл сыйлады. Наурыз мейрамына қарсы ұйымдастырылған концерттің негізгі мақсаты халыққа рухани азық беру. Сонымен қатар қазақтың дәстүрлі аспаптық және әншілік өнерімен сусындату. Себебі осы кеште өнер көрсетететін әншілер ҚР мәдениет саласының үздігі Нұрай Танабаев, Күнсұлу Тұрлыбекова, Шығыс Махан (сыбызғы, пан флейта). Республикалық байқаулардың лауреаттары Тельман Нұркенов, Берік Омаров, Данияр Мұқан, Нұржан Мейірхан, Айдос Оңғарбай, Жандос Иманбай, Омар Райхан (Саз сырнай) секілді дәстүрлі әншілер бар».
Думанды наурыз мерекесінде Б.Айсын «Наурыз күйі», Қайрақбай «Тел қоңыр», Б.Дөненбай «Жеке батыр», Д.Рақышев «Наурыз тойы», А.Жұмашев «Наурыз вальсі» сынды шығармалар көрермен жүрегіне жол тартты.
Тәуелсіздің 30 жылдығымен қатар келген тамырын тереңнен тартқан осынау мейрам – береке мен бірліктің,тазалық пен татулықтың тұғырын нығайтып, риясыз шаттық пен қуанышқа кенелтер ұлы мереке екені сөзсіз.